Беларус, Қазақстан және Ресей үш елдің арасында Кеден одағының құрылғанын жариялады - Елбасы

Елбасының айтуынша, үш елдің сарапшылары енді бірден интеграцияның келесі кезеңіне, яғни біртұтас экономикалық кеңістікті құруға дайындықты бастап кетті. «Осы мәселелердің барлығын біз бүгінгі мәжілістің барысында талқыладық. Біздер ЕурАзЭҚ-ты одан әрі дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған нақты шешімдерді қабылдадық», деді Президент.
Сонымен қатар Н. Назарбаев бүгінгі мәжілістің барысында ЕурАзЭҚ сотының мәртебесінің жаңа редакциясына қол қойылғандығын айта келе, мұны бүгінгі кездесудің маңызды қорытындысы ретінде бағалады. «Құжат Қоғамдастық сотының құзырын кеңейтуді және Кеден одағында істерді қарастыруды көздейді. Үш елдің Кеден одағының құрылуына байланысты соттың жаңа мәртебесі сот өндірісінің үдерісін реттеуге мүмкіндік береді. Бұл біздердің мемлекеттердің барынша тығыз ынтымақтастылығындағы маңызды буын болып табылады», деді Президент.
Елбасының айтуынша, Кеден одағын құрудың екінші кезеңінің аяқталуына байланысты Кедендік одақтың кеден кодексі туралы келісім шарттың күшіне енуін айғақтайтын бірлескен мәлімдеме қабылданатын болады.