18:04, 04 Қазан 2013 | GMT +5
Беларусь құрылысшылары «ЭКСПО-2017» инфрақұрылымын құруға атсалысуға дайын - А.Лукашенко
АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Беларусь құрылысшылары «ЭКСПО-2017» инфрақұрылымын құруға атсалысуға дайын. . Бұл туралы бүгін Ақордада елімізге ресми сапармен келген Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірлесіп өткізілген баспасөз мәслихатында айтты.

«Қазақстанды және Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізді Астананың «ЭКСПО-2017» көрмесі өтетін жер болып сайлануына байланысты шын жүрегіммен құттықтауға рұқсат етіңіз. Мен Сіздің бұған қаншалықты күш салғаныңызды білемін. Біз бұл ауқымды жұмыста беларусьтық құрылысшылар мен мамандарға да орын табылатындығына сенімдіміз. Біз осы ауқымды іс-шараның құрылысына осында, қазақ жерінде қатысуға дайынбыз», - деді А.Лукашенко.