Беларусь мәдениет министрлігі Ұлы Жеңістің 70 жылдығына бірлескен көрме өткізуді ұсынады

МИНСК. 8 қазан. ҚазАқпарат - Беларусь мәдениет министрі Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл толуына арналған бірлескен көрме әзірлеуді ұсынды.
None
None

Екіжақты кездесуде ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Беларусь мәдениет министрі Борис Светлов Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды мәңгі есте қалдыру жөніндегі бірлескен жұмыстың келешегін талқылады.

М.Құл-Мұхаммед қаһарман қала Минскіні қорғауда қаза болған қазақстандық жауынгерлердің есімдері Беларусь тарихында мәңгі қатталып қалғанын атап көрсетті. "Біз әр жыл сайын қазақстандықтар беларусь жерін қорғауда ерлікпен қаза тауып, осы жерде мәңгі тыныстап жатқаны жайлы мүлдем жаңа мұрағаттық деректерге кездесеміз", - деді министр.

Өз кезегінде Беларусь мәдениет министрі Ұлы Отан соғысы мұражайының мұрағаттарында Минскіні қорғауда құрбан болған 60 қазақстандық жауынгердң есімдері аталатынын атап өтті.

"Жеңістің 70 жылдығына біздің мұражай базасында және Қазақстанда бірлескен көрме ұйымдастырсақ, бұл игілікті іс болар еді деп ойлаймын", деді Б.Светлов.

Соңғы жаңалықтар