Беларусь маманы еуразиялық сәйкестікті дамыту үшін ең әуелі көліктік байланысты қолжетімді ету керек деп санайды

«Бізде еуразиялық сәйкестікті, еуразиялық мәдениетті дамытуға ниетті болсақ, шет аймақтарды байланыстырып, мәселен, әуе қатынасы бойынша сапарларды жеңілдету қажет. Яғни, Минскіден Астанаға немесе Мәскеуден Астанаға, сондай-ақ Мәскеуден Минскіге ұшақ билеттерінің құны шын мәнінде 50-60 еуро көлемінде болуы тиіс (Минск-Астана бағытында билет құны 450-500 еуро). Осы орайда бұл еуразиялық сәйкестіктің дамуына, еуразиялық мәдени байланыстар артуы үшін экономикалық негіздердің бірі болмақ», - дейді ол.
С. Кизиманың пайымдауынша, тек осы әуе байланыстарының өзінде елдердің арасында студент жастардың бір-бірін тануына мүмкіндік жасалатынын, сондай-ақ өз ісін жаңа бастаған іскер топтарға бизнесті дамытуға тиімді болмақ.
«Біріншіден, осы тектес қадамдар қымбатқа түседі, яғни тиісті субсидиялау шараларын қажет етеді. Бұл өз кезегінде еуразиялық ықпалдастық үдерісінде әрі қарай сәтті даму үшін мәдени негіз болуы тұрғысында маңызды», - деді ол.