Беларус пен Қазақстан екіжақты сауда-экономикалық байланыстарын кеңейту есебінен әлемдік дағдарыстың салдарын жоя алады ? Беларус Парламентінің спикері В.Андрейченко

МИНСК. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат - Минскіде Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Анатолий Смирнов Беларус Ұлттық жиналысы Өкілдер палатасының төрағасы Владимир Андрейченкомен кездесті,
None
None
деп хабарлады ҚазАқпаратқа Қазақстанның осы мемлекеттегі Елшілігінің баспасөз қызметінен.Кездесу барысында қазақстандық дипломат Беларус парламентінің спикерін Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «Дағдарыстан ?дамуға» деп аталатын биылғы Жолдауы туралы хабардар етті. Атап айтқанда, еліміздің әлемдік экономиканың өршіп келе жатқан дағдарыстың алдын алуға алғашқылардың қатарында үн қатқанын, бүгінде дағдарысқа қарсы кешенді шараларды жүзеге асырып отырғаны айтылды. Осыған байланысты Қазақстан дағдарысқа қарсы мақсаттар үшін ел экономикасына 2,7 триллионнан астам теңге жұмсауда. Елші Қазақстанның барлық қиыншылықтарды жеңіп, дағдарыстан бұрынғыдан да қуатты және гүлденген мемлекет болып шығатындығына сенім білдірді. Спикер В.Андрейченко өз сөзінде Қазақстан Президентінің Жолдауына оң баға беріп, дәл қазіргі сәттегі ең басты мәселе - экономикалық проблемаларды шешу екенін, сонда әлеуметтік мәселелер де өз шешімін табатынын атап көрсетті. Кездесуде сондай-ақ екіжақты қарым-қатынасты әрі қарай дамыту мәселелері де сөз болды. Тараптар, арадағы қазіргі тауар айналымы екі елдің әлеуетіне сәйкес емес екеніне келісті және оны арттыру үшін бірлесіп әрекет етуге келісті. Осыған байланысты елші А.Симрнов беларус тарапын Беларус Республикасының бірінші вице-премьері Владимир Семашконың ақпан айында Астанаға және Қарағанды облысына жасаған сапарының қорытындысы туралы хабардар етті, іске асырыла бастаған жобалар мен бірлескен кәсіпорындар құру туралы келісімдердің бар екенін айтып өтті. Елші сондай-ақ Беларус Республикасының Өнеркәсіп министрінің бірінші орынбасары бастаған делегацияның бұл күндері Қазақстанда сапармен жүргенін, наурыз айында сондай-ақ Қарағанды облысы мен «Самұрық ?Қазына» қоры делегацияларының Беларус Республикасына сапары күтіліп отырғанын хабарлады. Өз кезегінде, мұндай сапарлар мен кездесулердің тиімділігін және қажеттілігін атап көрсеткен Беларус спикері, «Беларусь пен Қазақстан екіжақты сауда-экономикалық байланыстарын кеңейту есебінен әлемдік дағдарыстың салдарын жоя алады», - деді.
Соңғы жаңалықтар
Референдум