Беларусь Премьер-Министрі: ЕАЭО аясындағы импорт алмастыру бірыңғай өнеркәсіп саясатын құрудан ауытқуға жол ашпауы тиіс

«Біздің жолымызда жаңа тренд пайда болды. Ол - импорт алмастыру. Бұл реттегі басты мәселе қайсысын алмастыру қажет? Бұл тренд қалай болғанда да одақтағы бірыңғай келісілген өнеркәсіп саясатын құру мақсатынан ауытқуға әкелмеуі тиіс», - деді ол.
Оның атап өтуінше, мүше мемлекеттер мен комиссияға 2015 жылдың 1 қарашасына дейін ырықтандырудың қажетті жоспарын әзірлеу тапсырылатындығын атап өтті.
«Жоғары кеңестің қазан айында өтетін келесі отырысына дейінгі толыққанды бес айдың ішінде Мемлекет басшыларының қарауына қызметтер секторы тізбесін ғана емес, сонымен бірге оларды ырықтандыру жоспарының өзін де дайындауға шамамыз жетеді. Бұл ретте біз уақыт жоғалтпаймыз. Ал Мемлекет басшылары бірден нақты шешімдер қабылдайды. Бүгін комиссияға сәйкесінше тапсырма беруді ұсынамын», - деді А.Кобяков.