17:22, 23 Ақпан 2009 | GMT +5
Беларус Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді
АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Ақпанның 25- 27-сі күндері Беларус Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Владимир Семашконың Қазақстанға жұмыс сапары өтеді.
Бұл туралы бүгін Астанада болған брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Сапар аясында В.Семашконың Қазақстан басшылығымен кездесулері, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС және Теміртау қаласындағы металлургиялық комбинаттың жұмысымен танысу жоспарлануда», деді Е.Ашықбаев.