07:37, 17 Қараша 2011 | GMT +5
Беларусь, Ресей және Қазақстан жыл соңына дейін бірлескен тәуекелдік қор құруды жоспарлауда
АСТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат - Беларусь, Ресей және Қазақстан осы жылдың соңына дейін ЕурАзЭҚ-ның тәуекелдік қорын құруды жоспарлауда.
Бұл туралы Беларусь инновациялық қоры директорының міндетін атқарушы Владимир Недильконың ақпаратына сілтеме жасай отырып, БЕЛТА агенттігі хабарлайды.
Келер жылдары жаңа қорға басқа да елдер қосыла алады. Атап айтсақ, Украина тарапы өзінің қорға қосылу дайындығын білдіруде.