16:31, 22 Мамыр 2018 | GMT +5
Беларусьтағы жарылыс, зардап шеккендер бар
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусьтағы Минск ауданының Королев Стан елді мекеніндегі НПО "Алкид" әкімшілік-өндірістік ғимаратында жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА-ға сілтеме жасап.

ТЖМ Минск облыстық басқармасының ресми өкілі Анастасия Швайбовичтің айтуынша, Королев Стан елді мекенінің ғимаратындағы жарылыс туралы хабар жергілікті уақытпен 8.55-те түскен. Арнайы техника жіберіліп, апат орнында құтқарушылар жұмыс жасап жатыр, - деп мәлім етті Анастасия Швайбович.
9.18-де өрт сөндірілді. Анықталған мәлімет бойынша, жарақаттанған үш адам ауруханаға жеткізілген. Жедел әрекет ету қызметі оқиға орнында жұмыстар жүргізуде.