Беларусьте қонақүйге орналасқан шетелдіктер туралы ақпарат тапсыру тәртібі өзгереді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 қазаннан бастап Беларусь Республикасының Ішкі істер органдарына қонақүйлердегі шетелдіктер жайлы ақпараттарды ұсыну тәртібі өзгереді, деп хабарлайды БЕЛТА .

Беларусьте қонақүйге орналасқан шетелдіктер туралы ақпарат тапсыру тәртібі өзгереді

Елдің ІІМ сайты таратқан ақпарат бойынша. Беларусь еліне  уақытша келген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар жайлы мәліметтер 1 қазаннан бастап, ІІМ-інің ақпараттық ресурстары (жүйе) немесе жалпымемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйедегі электрондық қызметтердің бірыңғай порталы арқылы берілуі тиіс.

Сондай-ақ, 1 қазаннан бастап, мұндай ақпараттарды тапсыру мерзіміне де өзгеріс енгізіледі. Оы тапсыру шетелдік қонақ үйге орналасқаннан кейін 24-тен 3 сағатқа дейінгі аралықта жүзеге асыру міндеттелген. Көрсетілген мерзімге дейін ақпарат бұрынғыша беріледі.

Ақпараттарды ұсыну тәртібі 2017 жылдың 1 қазанында «Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық жағдайы туралы» заңға енгізілген өзгерістің күшіне енуіне байланысты өзгерді.