Беларусьте ұсталған қылмыскер үш ҚР азаматы және бір Түркия азаматы Қазақстанға жеткізілді

Қазақстанның құқық қорғау органдары бірнеше рет және аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық әрекеттері үшін Д.Флорис пен К.Веберге іздеу жариялаған болатын. И.Сычев адам денсаулығына қасақана түрде ауыр зиян келтіріп, қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып жүрді. Н.Байрам ұйымдасқан қылмыстық топқа мүше болғаны және оның құрамында жүріп бірнеше рет аса ірі мөлшерде экономикалық контрабанда жасағаны үшін іздеуде болған еді. Биылғы жылдың қаңтар айында бұлардың барлығын беларусь қызметтері қолға түсірді. Екі елдің бас прокуратуралары арасында тәртіпке сай қалыптасқан өзара бірлескен іс-қимылдың нәтижесінде оларды Қазақстанға беру туралы шешім қабылданды. Бүгін іздеуде жүрген адамдар Беларусьтен Қазақстанға жеткізіліп, Астана қаласының уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.