12:10, 29 Тамыз 2023 | GMT +5
Беларусьтегі ҰҚШҰ жаттығуына бронды техника жіберген жоқпыз – Қорғаныс министрі
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов ҰҚШҰ жаттығуларына Қазақстанның әскери техника жөнелткені туралы мәліметті теріске шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Интернет кеңістікте Қазақстанның (ҰҚШҰ жаттығуларына – ред.) бронды техника жөнелткені туралы мәліметтер – фейк. Бүгінгі таңда бұкіл техника тұрақты дислокация бекеттерінде тұр. Тек жедел топ жіберілді. Олардың саны – 11 адам», - деді ол.
БАҚ өкілі аталған топты Украина шекарасына жөнелтідуң қандай қажеті болғанын сұрады.
«Бұл жерде Украинаның локациясының қатысы қанша? Беларусь бейбіт мемлекет әрі ҰҚШҰ мүшесі. Тиісінше, оқу-жаттығудың өтетіні жайлы шешім алдын ала хабарланады. Қандай да бір қауіп жоқ», - деді Руслан Жақсылықов.