Беларусь тұрғындары президент сайлауында дауыс беріп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM - Мерзімінен бұрын дауыс беру 2025 жылдың 21-25 қаңтары аралығында өтеді, деп жазады БЕЛТА.

На выборах президента Беларуси началось досрочное голосование
Фото: БЕЛТА

Бұл кезеңде 26 қаңтарда сайлау учаскелеріне келе алмайтын сайлаушылар дауыс беруге құқылы. Мерзімінен бұрын дауыс беру кезінде учаскелік комиссиялар сағат 12:00-ден 19:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді. Ел бойынша 5325 сайлау учаскесі бар.

Дауыс беруге арналған бюллетеньдер беларусь тілінде жасалған. Дауыс беру бюллетенінің артқы жағында түсті қорғанысы бар. Дауыс беру қарсаңында учаскелік комиссияның кемінде екі мүшесі бюллетеньнің артқы жағына қол қоюы керек. Мұндай қолдар болмаған жағдайда бюллетеньдер жарамсыз деп есептеледі.

Айта кетейік, Беларусь Орталық сайлау комиссиясы Александр Лукашенконы президенттікке кандидат ретінде тіркеді. Бұған дейін Беларусь халқының 85,5 пайызы президент сайлауына қатысуды жоспарлап отырғаны хабарланған болатын.

Осыған дейін ҚР Орталық сайлау комиссиясы Беларусь Республикасында өтетін президент сайлауын бақылауға баратын қазақстандықтарды атаған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар