Беларус және Қазақстан ғылыми орталықтары ынтымақтастық туралы жаңа келісімдер жасасты

АСТАНА. Мамырдың 24-і. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Беларус ғылыми институттары мен орталықтары ынтымақтастық туралы жаңа келісімдер жасасты, деп хабарлады БЕЛТА агенттігі Беларус Ғылыми және технологиялар мемлекеттік комитетіне сілтеме жасап.
None
None

Құжаттар жақында Минскіде өткен беларус-қазақстан іскерлік форумы жұмысының барысында жасалды.

Беларус ҰҒА физикалық-органикалық химия институты мен Қазақстан индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің салааралық ақпарат ғылыми-техникалық орталығы су тазарту жөніндегі технологияларды жасау, игеру және енгізу саласында ынтымақтасуға уағдаласты. Тараптар жарық диоды технологияларын жасау және енгізу саласында әріптестікті дамытуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ұлттық ғылым академиясының жарық диоды және оптикалық-электрондық технологиялар орталығымен тиісті келісімге қол қойылды.

Тағы бір келісімге - экономиканың әртүрлі салалары үшін бірлескен ақпараттық технологиялар жасау және енгізу жөнінде Беларус ҰҒА электрондық іскерлік операциялар және сәйкестендіру жүйелері салааралық ғылыми-практикалық орталығы мен Қазақстандық ақпараттық коммунациялар академиясы арасында қол қойды.

Бұдан басқа Беларус республикалық технологиялар трансферті орталығы Қазақстанның «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Беларустық және қазақстандық мамандар ғылым және білім саласында ынтымақтасуға мүдделі. Атап айтқанда, БҰТУ, БМУ және Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды. Жоғары ғылыми білікті мамандарын даярлау саласындағы қосымша келісімге БҰТУ мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Сондай-ақ БҰТУ «Политехник» ғылыми-технологиялық паркі мен «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі АҚ ынтымақтастық туралы келісім жасасты.

Соңғы жаңалықтар