Беларусь және Қазақстан президенттері Беловеж тоғайында бейресми түрде әңгімелесті

Бұл туралы БЕЛТА тілшісіне белоруссиялық көшбасшының баспасөз қызметінен хабарлады.
Нұрсұлтан Назарбаевтың Беларуське сапарының ресми бөлімінің алдында мемлекет басшылары Беловеж тоғайында бейресми жағдайда кездесті. Александр Лукашенко өзінің қазақстандық әріптесін «Вискули» резиденциясында қабылдады.
«Бұрынғы достық байланыстыратын екі елдің көшбасшысы жылы сөйлесіп, ұлттық саябақтың көзге көрінерлік жерлері мен қорық орындарын қарап өтті», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Беларусь және Қазақстан президенттері бейресми жағдайда Минск қаласындағы ресми келіссөздердің алдындағы екіжақты қарым-қатынастар мәселелерінің кең ауқымын талқылады.
Белоруссияның бірегей табиғи әлеуеті, оның қорықтары мен ұлттық саябақтары туризм және сауықтыру саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшін жақсы негіз болып табылады.
Бұрын хабарланғандай, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Беларусь еліне сапарының ресми бөлігі 13 мамырдың кешінде басталды. Ресми сапар бағдарламасында Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен кездесу жоспарланған, онда мемлекет басшылары екі елдің түрлі салалардағы өзара әрекеттестіктің қорытындылары мен болашағын талқылайды.
Келіссөздер шағын, сондай-ақ кеңейтілген құрамдарда өтеді деп күтілуде. Назарда Беларусь және Қазақстан арасындағы, сондай-ақ «үштіктің» Бірыңғай экономикалық кеңістігіндегі экономикалық ынтымақтастықты және сауда байланыстарын дамыту мәселелері болады.
Президенттер екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық бағдарламасының 2009-2016 жылдарға арналған шараларды, өнеркәсіптегі бірлескен ірі жобаларды және өзара әрекеттестіктің басқа да болашағы зор бағыттарын іске асыруды талқылайды, соның ішінде энергетика, көлік және логистика, білім, ғылым және мәдениет, агроөнеркәсіп кешені сияқты салалар бар.
Александр Лукашенко мен Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі бүгінгі таңдағы өзекті мәселелер, түрлі интеграциялық бірлестіктер мен халықаралық ұйымдардағы ынтымақтастық, ҰҚШҰ кеңістігіндегі аймақтық қауіпсіздік жайына бөлек назар аударады.
Келіссөздер қорытындылары бойынша тараптар мемлекетаралық ынтымақтастықтың болашақтағы дамуына негіз болатын бірқатар құжаттарға қол қоюды жоспарлап отыр.