19:59, 12 Қаңтар 2010 | GMT +5
Беларустің кеден органдары Кедендік одақ жағдайында контрабанданың алдын алуға даярлануда
АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат - Беларустің кеден органдары Беларусь, Ресей және Қазақстан Кедендік одағы жағдайында елге тауарлардың контрабандалық әкелуге жасалған әрекеттің алдын алуға даяр. Бұл жөнінде бүгін журналистерге Беларусь Мемлекеттік кеден комитеті төрағасының орынбасары Василий Дементей мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА сайтына сілтеме жасап.
Беларустің кеден органдары 2010 жылы Кедендік одақ Кедендік кодексінің шілденің 1-інен бастап күшіне енуіне байланысты үлкен жұмыстар атқаруы тиіс. Қазір Беларустің кеден органдары құқық қорғау қызметінің кеден органдары жүзеге асыратын салада Ресей мен Қазақстанның кедендік заңнамаларын ұлттық заңнама нормаларына сәйкестендіру бойынша жұмыстар жүргізуде.