Беларустің, Ресейдің және Қазақстанның экономикалары әлемдік дағдарысты бірлесе отырып еңсеруі тиіс ? С.Сидорский

АСТАНА. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат – Беларустің, Ресейдің және Қазақстанның экономикалары әлемдік дағдарысты бірлескен күш-жігермен еңсеруі тиіс.
None
None
Бұл туралы бүгін Беларус премьер-министрі Сергей Сидорский Жодинода Беларус автомобиль зауытында болған кезде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.Бүгінгі таңда Беларус пен Ресей экономикаларының бірін бірі толықтыруы кооперацияның бірқатар түрі бойынша 60-90 пайызға жетті. «Қазір ресейлік ГАЗ, КамАЗ және Ресейге қосалқы бөлшектер жеткізетін «Белкард» ААҚ-на кіретін гроднолық кәсіпорындар тоқтады», деді премьер.Сонымен бірге Қазақстанда қаржыландыру көлемі 2 миллиард доллар болатын ауыл шаруашылығы техникасын дамытудың ұлттық бағдарламасы қабылданды. «Біз оларға осы саладағы өз технологияларымызды ұсына аламыз», - деді С.Сидорский. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында бірлескен ынтымақтастықтың жаңа жолдары ашылып отыр. Беларус бұл жағдайды пайдалануы тиіс. «Біздің экономикаларымыз бір бірін толықтыруы, ал технологиялар бір экономикадан екіншісіне ауысып отыруы қажет» - деді үкімет басшысы. Осыдай тұрғыдан келу Беларус, Ресей және Қазақстан экономикаларын тек қана нығайта түседі», - деп санайды ол.
Соңғы жаңалықтар