20:34, 30 Сәуір 2009 | GMT +5
Белгілі әнші Жәмила Шашкина дүниеден озды
ҚАРАҒАНДЫ. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Белгілі әнші, Қазақстанның халық әртісі, Қарағанды қаласының құрметті азаматы Жәмила Шашкина дүниеден озды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Ж.Шашкина 1914 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында дүниеге келді. Оның театр сахнасындағы қызметі 1932 жылы басталды. Ол С.Сейфуллин атындағы Қарағанды драма театры құрылуының бастауында тұрды. 1936 жылы Ж.Шашкина қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеудегі онкүндігінде қатысты. Ж.Шашкина сахнада Қыз Жібек, Баян сұлу, Ақтоқты, Еңлік, Ажар сияқты және басқа да жүзден астам әйелдердің жарқын бейнелерін сомдады. Қазақстан өнерін дамытуға сіңірген еңбегі үшін оған 1944 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген артісі, ал 1962 жылы ? халық әртісі деген атақ берілді, Еңбек Қызыл ту, «Құрмет» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталды. Ж.Шашкинаның жарқын бейнесі қарағандылықтардың, әріптестері мен сахна көрермендерінің есінде мәңгілік сақталады. Марқұммен қоштасу мамырдың 2-сі күні С.Сейфуллин атындағы қазақ театрының ғимаратында болады.