20:03, 18 Ақпан 2009 | GMT +5
Белгілі айтыс ақыны баспаналы болды
ОРАЛ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батысқазақстандық белгілі айтыс ақыны Бауыржан Халиолла баспаналы болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ел ағаларының араласуымен, жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен Бауыржан үш бөлмелі пәтердің кілтін ұстады. Бұдан бірер жыл бұрын екі бөлмелі пәтерге кіріп, онысы заңсыз деп бәлеге қалған айтыс ақыны мұндай машақаттан құтылды.
Б.Халиолла ? талай халықаралық, республикалық додаларда олжа салып жүрген айтыс ақыны. Жазба өлеңде де өзіндік орны мен биігі бар ақын енді Оралда айтыс мектебін жолға қоймақ ниетте. Бұл ретте қала әкімінің орынбасары Мүсілім Оңдағанов айтыс үйірмесінің ашылуына қолдау білдіріп отыр.