20:17, 16 Мамыр 2012 | GMT +5
Белгілі дипломат В.Ғиззатовқа «Қаратөбе ауданының құрметті азаматы» атағы берілді
ОРАЛ. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында КСРО және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрліктерінде ұзақ жыл қызмет атқарған, доғарыстағы полковник Вячеслав Ғиззатовқа жетпіс жасқа толуына байланысты құрмет көрсетілді.

Вячеслав Ғиззатов бұдан жетпіс жыл бұрын Қаратөбе ауданында дүниеге келген. Ауданда оның мерейтойына орай салтанатты рәсім ұйымдастырылып, онда аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин В.Ғиззатовқа «Қаратөбе ауданының құрметті азаматы» атағы берілгенін айтып, иығына шапан жапты. Сол жиында белгілі дипломаттың елге сіңірген еңбегіне риза болған жерлестері оған құрмет көрсетіп, ат мінгізді.
Осындай кездесу Бөкей ордасы ауданында, сондай-ақ облыс орталығында М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде де болды.