Белгілі қазақ жазушысы Сәбит Досанов Кемер облысының «Сенім мен ізгілік үшін» медалімен марапатталды

АЛМАТЫ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Сара Мұстафина/ - Белгілі қазақ жазушысы Сәбит Досанов РФ Кемер облысының «Сенім мен ізгілік үшін» медалімен марапатталды. Бұл туралы хабарды және ыстық құттықтауды жеткізген губернатор Аман Төлеевтің жеделхаты бүгін Алматыға жеткізілді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сіз - тамаша жазушысыз, көптеген жарқын және терең мазмұнды кітаптардың авторысыз. Сіздің шығармаларыңыз Қазақстанда және одан тысқары жерлерде жақсы таныс. Сөзді шеберлікпен пайдалануыңыз, бірегей авторлық дауыс ырғағыңыз, адамдарды өткір толғандыратын тақырыптарыңыз Сізге шынайы бедел әкелді және ауқымды оқырмандар қауымының сүйіспеншілігіне бөледі», - делінген атақты ресейлік губернатордың жеделхатында.

А.Төлеевтің хабарлағанындай, сенім мен ізгіліктің нышанын білдіретін лавр бұтағының және қарлығаштың бедері алтынмен көмкеріліп бейнеленген Кемер облысының медалі жоғары сапалы күмістен жасалған. Губернатор С.Досановқа алдағы уақытта да шығармашылық табысқа жетуіне, жаңа жоспарлары мен ойларының жүзеге асуына тілектестігін білдірді, бақыт, бейбітшілік, ізгілік және ұзақ ғұмыр тілеген ықыласын жеткізді.

Сәбит Досанов - ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Ресей педагогика және әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, профессор. Бірнеше ондаған көркем шығармалардың, олардың ішінде кең танылған «Тау жолы», «Екінші өмір» романдарының, «Жиырмасыншы ғасыр» романының, «Ақ аруана» хикаясының, «Қазағым-ай, қайда кетіп барасың?» жыр жинағының және басқа да шығармалардың, оның ішінде әдебиеттану монографияларының авторы. Жазушы драматург ретінде де жемісті еңбек етіп келеді. Оның қаламынан туған «Дауыл», «Ертең бюро», «Тозақ шеңбері» және т.б. пьесалары еліміздің көптеген театрларында табысты қойылып келеді. Жазушының туындылары әлемнің көптеген тілдеріне аударылды.

С.Досанов - М.Шолохов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, гуманистік бағыттағы шығармаларымен және қоғамдық қызметімен әдебиетке қосқан үлесі үшін Державин орденімен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар