Белгілі сарапшы Жанат Жақияновтың IBO белбеуінен бас тартуын түсіндірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін қазақстандық боксшы Жанат Жақияновтың IBO дәрежесі бойынша чемпиондық атақтан бас тартқаны белгілі. Бұл жағдай чемпионның болашағына қалай әсер етеді. Бұл туралы Sports.kz тілшісі бокс пен өзге де жекпе-жек түрлері бойынша танымал маман, ресейлік «Боец» телеарнасының жүргізушісі Сергей Завилейскидің пікірін білді, деп жазады аталмыш портал.
None
None

«Бұл жағдай оның карьерасына ешқандай да зиянын тигізбейді. IBO - әлемдегі бесінші ұйым. Жанатта қазір одан да маңызды WBA жеңімпазы атағы бар. Әрине екі атақтың иегері болуы жақсы, алайда мұның бәрі тек шартты дүниелер»,-деді Завилейский.

Соңғы жаңалықтар