Белгілі журналист Қуат Әуесбай жаңа қызметке тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі журналист Қуат Әуесбай «Атырау ақпарат» ЖШС директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Қызмет жолын «Ана тілі» газетінің тілшісі болып бастаған Қуат Әуесбай  әр жылдары «Қазақстан-Заман» газеті тілшісі, «Айқын» республикалық газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі, ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі МемжерҒӨО «Баспа және редакциялау» бөлімінің меңгерушісі-«Қазақстан жер ресурстары» журналының бас редакторы, «Ақ желкен» республикалық журналы бас редакторының орынбасары, «Халық сөзі» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды.

Кейінгі жылдары ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының хатшылығында,  Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің Жұртшылықпен байланыс бөлімінің меңгерушісі, Еуразиялық Топ ЖШС, Сыртқы корпоративтік коммуникациялар бөлімінің сарапшысы, «Astana News» ЖШС директоры  қызметтерін атқарып келді.

 «Атырау ақпарат» ЖШС - құрамына 2 облыстық, 7 аудандық газет, «Atpress» ақпарат порталы, 1 баспахана кіретін, 200-ден астам қызметкері бар ірі медиа-холдинг. Медиақұрылымға 2017 жылдың мамырынан бастап, Баязи Мәдешұлы басшылық етеді. 

Соңғы жаңалықтар