Белгісіз біреу түрмеге граната лақтырған: 20-дан астам тұтқын қашып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Конго демократиялық Республикасында белгісіз біреу түрме ғимаратына граната лақтырды.
Салдарынан бір адам қаза тапты. Ол түзеу мекемесіне келуші болып шықты, деп хабарлайды Reuters.
Бұдан басқа 20-дан астам тұтқын түрмеден қашып кеткен. Қазір оларға іздеу жарияланды.
Оқиға орнында полиция келеңсіз жағдайдың себеп-салдарын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.