Белгісіз біреулер «Формула-1» жарысушысы Баттонның вилласын тонап кетті

Бұл туралы Sun басылымы хабарлады.
Ерлі-зайыптылар Францияның оңтүстігінде Сан-Тропеде вилланы жалға алған. Полицияның пікірінше, тонаушылар желдеткіш арқылы ұйықтататын газ жіберген.
"Соңғы бес жылда тонаудың бұл әдісі кең тарап келеді, - деп атап өтті Сан-Тропедегі полиция учаскесінің баспасөз қызметінде. - Мұндай амалды қымбат үйлерді тонайтын тәжірибелі қылмыскерлер қолданады.
Баттон мен оның зайыбынан ұрланған заттардың ішінде 5 карат гауһар таспен безендірілген неке сақинасы және гауһар тасы бар алтын мен платинадан жасалған әшекей бұйымдары болды. Тонаушылар жалпы құны 300 мың фунт болатын заттарды үптеп кеткен.
Баттон "Формула-1" сынына алғаш рет 2000 жылы қатысқан болатын. 2009 жылғы маусымда "Браун" командасы құрамында британиялық спортшы әлем чемпионы атанды.