Белгісіз біреулер қабірден 17 жасар қыздың мәйітін қазып алып өртеп жіберген

АСТАНА. ҚазАқпарат   - РФ Қорған облысының полициясы  21 тамызда Менщиково елді мекеніндегі бейітті бүлдірген екі күдіктіні ұстады. 

 Белгісіз біреулер қабірден 17 жасар қыздың мәйітін қазып алып өртеп жіберген

Бұл туралы өңірлік ІІМ сайтында жарияланды.

Тәртіп сақшылары қолға түсіргендер 23 және 30 жастағы Қорғанның еш жерде жұмыс істемейтін тұрғындары болып шықты. Қылмыстарын мойындаған азаматтарды енді бес жылға дейін бас бостандықтарынан айыру жазасы күтіп тұр.

Kurgan.ru-дың жазуынша, белгісіз біреулер бес жыл бұрын қайтыс болған Ольга есімді қыздың бейітін қазған. Артынша мүрдені өртеп жіберген. Бұл жантүршігерлік оқиға жайлы редакцияға осы елді мекеннің тұрғыны  Менщикова айтқан. Полицияға да хабарласқан осы әйел.