Бельгия 140,8 млн еуроға мини-дрондар сатып алады

АСТАНА. KAZINFORM — Бельгияның Қорғаныс министрі Тео Франкен елін «өткен дәуірдің соғыстарына емес, болашақ соғыстарға дайындалып жатыр» деп сипаттап, 140,8 млн еуроға мини-дрондар сатып алу жоспарланғанын мәлімдеді. Бұл туралы Анадолы хабарлады.

дрон
Фото: Анадолы

Франкен әлеуметтік желідегі хабарламасында Қорғаныс министрлігінің мини-дрондарды сатып алу жоспарын «тарихи» деп атады.

— Қорғаныс жүйесін өткен соғыстарға емес, болашақ соғыстарға дайындап жатырмыз, — деді Франкен, мини-дрондарды 140,8 млн еуроға сатып алатынын хабарлап.

Бельгиядағы БАҚ деректеріне сәйкес, мини-дрондар НАТО-ның Қолдау және жабдықтау агенттігі (NSPA) арқылы сатып алынады, ал 140,8 млн еуро сатып алу, техникалық қызмет көрсету және техникалық мамандарды оқытуды қамтиды.

Мини-дрондар барлау және бақылау мақсатында қолданылатын болады және Румыния мен Литвадағы бельгиялық әскерлерді қолдау үшін пайдаланылады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Бельгияда премьерге қарсы лаңкестік әрекет жоспарлаған үш күдікті ұсталды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум