Бельгия Халықаралық соттың Израиль премьерін тұтқындау шешімін қолдады

АСТАНА. KAZINFORM – Бельгия Халықаралық қылмыстық соттың Израиль премьер-министрі Нетаньяхуды тұтқындау ордерінің орындалуын қолдады. Бұл жайында Бельгияның Ынтымақтастықты дамыту федеральды министрі Франк Ванденбрук мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Лидер израильской оппозиции Яир Лапид
Фото: The Times of Israel

Оның айтуынша, Бельгия адамзат баласына қарсы жасаған қылмыстары үшін Израильдің пермьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға қатысты Халықаралық қылмыстық сот берген тұтқынға алу ордерінің орындалуын қолдайды және қамтамасыз етеді.

Ынтымақтастықты дамыту министрінің мәлімдемесінде Израильдің бұрынғы қорғаныс министрі Йоава Галланта мен ХАМАС көшбасшысы Мохаммед Дейфті де тұтынған алу туралы Халықаралық қылмыстық соттың ордеріне қолдау білдіреді.

Осы уақытқа дейңн Бельгия премьер-министрі Александр Де Кроо да, сыртқы істер федеральды министрі Хаджа Лахбиб те Халықаралық қылмыстық соттың шешіміне қатысты жауап бермеген еді. Дегенмен, министр Франк Ванденбрук аталған шешімді Бельгияның орындауы дұрыс деп санайды.

«Біз құрбандар мен халықаралық сот әділдігін қолдаймыз», — деді үкімет мүшесі.

Бұған дейін Халықаралық қылмыстық сот Нетаньяху мен Галантты қамауға алуға ордер бергенін жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар