Бельгия жұмыс істеуге рұқсат беру тәртібін жаңартып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылдан бастап Бельгияда «бірегей рұқсатты» ресімдеу процесі 90 күннен аспауы тиіс, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ The Brussels Times басылымына сілтеме жасап.

машина жасау
Фото: Азертадж

 Аталған ел осы жылдың қараша айына дейін ЕО-ның жоғары білікті және сұранысқа ие мамандар үшін рұқсат рәсімін жеңілдететін жаңа ережелерін енгізуге міндетті.

«Бірегей рұқсат» – тұруға ықтиярхат пен еңбек етуге рұқсатты біріктіретін рәсім. Бұл процедура екі бөлек өтініш берудің қажеттілігін жояды.

Жаңа директива шетелдік жұмысшыларға құжаттарды қайта тапсырусыз жұмыс берушіні ауыстыруға, сондай-ақ рұқсатты ұзарту туралы өтініш қаралып жатқан кезеңде оны автоматты түрде ұзартуға мүмкіндік береді.

2023 жылы Бельгияда осындай шамамен 21 000 рұқсат берілген, оның 65%-ы Фландрия аймағына тиесілі.

ACV кәсіподақ өкілі Стефан Пирсманның айтуынша, қазіргі таңда бұл процесс алты айдан астам уақыт алуы мүмкін.

Ережелерді жаңарту мақсаты — бюрократиялық кедергілерді азайту, процестің ашықтығын арттыру және ЕО құрамына кірмейтін елдердің азаматтарының еңбек құқықтарын қорғау.

Бұған дейін Бельгия парламентінің мүшелері отбасыларды біріктіруді шектейтін үкіметтік заң жобасын қабылдағанын жазған едік. Бұл схема елде заңды түрде тұратын шетел азаматтарына бір немесе бірнеше отбасы мүшелерін әкелуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар