Бельгияда ұлттық ереуіл болады деп жоспарланып отыр

АСТАНА. KAZINFORM – 13 қаңтарда Бельгияда бірден бірнеше салаға әсер ететін ауқымды ереуіл жоспарланған, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

бельгия
Фото: Арнұр Рахымбеков/ Kazinform

Көлік секторы, білім беру, ұлттық түрме қызметінің кәсіподақтары өз мүшелерін ықтимал зейнетақы реформасына қарсылық білдіру үшін жалпыұлттық ереуілге қатысуға шақырды.

- Ұсынылған шаралар барлық жұмыс істейтін ерлер мен әйелдерге бұрын-соңды болмаған шабуыл, - деп мәлімдеді кәсіподақтар.

Ереуілшілер Брюссельдегі Альбертина алаңында дүйсенбі күні таңертең сағат 10:00-де жиналады, бірақ ресми акция жексенбі күні сағат 22:00-ден дүйсенбі күні 22:00-ге дейін өтеді.

Брюссель ереуілдің зардаптары ауыр бболуы мүмкін деп болжап отыр.

- Көптеген рейстерді тоқтатуға немесе кейінге қалдыруға тура келеді, - деді «Belga» агенттігіне баспасөз хатшы Ихсане Чиуа Лехли.

Әуе компаниялары зардап шеккен рейстердегі жолаушылармен тікелей байланысады, деп қосты әуежай өкілі.

SNCB теміржол операторы дүйсенбіде пойыз қатынасы қатты бұзылатынын растады. SNCB тасымалдаушысы серіктес «Infrabel» компаниясымен бірлесіп, ереуілге қатыспайтын қызметкерлерге арналған түзетілген темір жол қызметі кестесін дайындап жатыр. Жоспар сенбі күні жарияланады және жексенбіден бастап SNCB онлайн саяхат жоспарлаушысында қолжетімді болады.

Брюссель қоғамдық көлік операторы STIB де өз жұмысында үлкен үзілістерді шамалап отыр. Ол кейбір қызметтеріне кепілдік беруге тырысады, бірақ жолаушылардан мүмкіндігінше баламалы көлік түрлерін пайдалануын сұрады.

Брюссель тұрғындары дүйсенбі күні қалада қоқыс жиналмауы мүмкін екені ескертілді. Дегенмен, Bruxelles-Propreté (Брюссельде қоғамдық тазалауға жауапты агенттік) зардап шеккен аудандардағы тұрғындар мен кәсіпорындарға әдеттегі кестені сақтауға кеңес берді.

Бұған дейін Аустрияда он мыңдаған адам әсіре оңшыл партияға қарсы шеруге шыққанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар