Белгияның ең ірі компаниясы Қазақстанда логистикалық орталық салмақ

Белгияның ең ірі логистикалық компаниясы Қазақстанда логистикалық орталық салмақ
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Белгияның Ahlers халықаралық логистикалық компаниясы келесі жылы Алматы маңында ірі логистикалық орталық салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Кazinform тілшісіне Бенилюкс сауда палатасының президенті Денис Ван ден Вейх айтты.

Оның айтуынша, компания бес жыл ішінде құрылысқа 80 миллионнан 120 миллион долларға дейін инвестиция салады. 

Белгияның ең ірі логистикалық компаниясы Қазақстанда логистикалық орталық салмақ
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

«Логистикалық орталық өте қажет, өйткені ол шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар уақытша сақтау қоймаларында жүктердің айтарлықтай көлемін сақтауға және өңдеуге мүмкіндік береді. Тауарларды уақытылы жеткізу, нарық қажеттіліктерін орындайды», - деді ол.

Ол әлемдегі геосаяси тұрақсыздық жағдайында екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейту қажеттігін және жаңа көлік дәлізі экспорттаушыларға бұдан да көп мүмкіндік беретінін атап өтті. 

Бельгия
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

«Кездесуде логистикадан бөлек, медициналық мәселелерді де талқыладық. Бельгияда әлемдік стандарттарға сай озық технологиялары мен заманауи құралдары бар медициналық компаниялар жұмыс істейді. Біздің тәжірибеміз бен технологияларымыз Қазақстанның ауруханаларында да қолданылуы мүмкін», - деп қосты ол.

Денис Ван ден Вейх Қазақстанның Бельгияға экспортының негізгі тауарлары: молибден рудалары мен концентраттары, хром оксидтері мен гидроксидтері, зығыр тұқымдары, титан және одан жасалған бұйымдар, көмір, бидай, өздігінен жүретін машиналар, этил спирті, машиналарға, жабдықтарға және көліктерге арналған трансмиссиялық механизмдер екенін тілге тиек етті.

«Ал Бельгиядан қазақстандық импорттың негізгі тауарлары: тракторлар мен жүк көлігі тракторлары, мұнай өнімдері, ауылшаруашылық дақылдарын жинауға және бастыруға арналған машиналар мен механизмдер, бөлшек саудаға оралған дәрі-дәрмектер, вакциналар, қан сарысуы, қан, ауа немесе вакуумдық сорғылар, компрессорлар мен желдеткіштер, техника және арнайы мақсаттағы механикалық құрылғылар, полиэфирлер, эпоксидті шайырлары», - деп түсіндірді спикер.

Бұған дейін, Қазақстан мен Бельгия арасындағы тауар айналымы 523 млн доллардан асқаны туралы жазған едік. 

Айта кетейік, Алматыда «Қазақстан-Бельгия» Іскерлік кеңесінің екінші отырысы өтті.

Соңғы жаңалықтар
telegram referendum