Бенди Халықаралық федерациясының президенті допты хоккейден Алматыда өткен 32-ші әлем чемпионатына жоғары баға берді

АЛМАТЫ. 28 ақпан. ҚазАқпарат -  Бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтың атына Бенди Халықаралық федерациясының президенті Борис Скрынник пен ұйымның бас хатшысы Бо Ньюменнен алғыс хат келіп түсті,
None
None

деп хабарлайды Алматы  қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

 Онда: «Құрметті Ахметжан Смағұлұлы! Допты хоккейдің Халықаралық федерациясы Атқару комитетінің, Алматы қаласында болған ұлттық федерациялар басшыларының атынан 32-ші әлем чемпионатының өте жоғары деңгейде өткені үшін жеке Өзіңізге және қаланың барлық қызмет орындарына шынайы алғысымызды білдіреміз.

 Чемпионатқа қатысқан барлық спорттық делегациялар, қонақтар, БАҚ өкілдері қонақжай қалалықтарды, мейірімді, бауырмал волонтерлерді, спорт нысандарының ақжарқын қызметкерлерін ұзақ есте сақтайтын болады. Біз Алматы қаласында өткен Бенди мерекесі Қазақстан Республикасының спорттық өмірінің жарқын саяси оқиғасы болғанын, сонымен қатар бұл спорттық шараның азиялық өңірде допты хоккейді дамытудың басты қозғаушысына айналғанын білеміз», - делінген. 

 Ал, ұйымның бас хатшысы Бо Ньюмен өз хатында Алматы қаласы мен ғажайып «Медеу» мұз айдынының ерекше ұнағандығын тебірене жазған.

Соңғы жаңалықтар