Бензин бағасын көтеруге мораторий қанша уақытқа созылады — Энергетика министрінің жауабы

АСТАНА. KAZINFORM — Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов елімізде бензин бағасын көтеруге мораторий қанша уақыт созылатындығына қатысты пайымын білдірді. 

Бензин бағасына мораторий қанша уақытқа созылады — Энергетика министрінің жауабы
Фото:Pexels

— Президенттің барлық нарықты ырықтандыру туралы Жарлығы бар. Ол Жарлық әлі де қолданыста. Ырықтандыруды ешкім алып тастаған жоқ. Ал мораторий — бұл тоқтату. Қанша уақыт керек дейтін болсақ, инфляцияның қалыпты, қолайлы деңгейі орнағанға дейін, — деді министр Ақордада БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Ол бүгінде мемлекет шекті баға белгілемейтіндігін атап өтті.

— Жалпы, егер мемлекет бұрынғыдай баға белгілеуге қатысушы болмаса, онда тысқары тұрады. Біз тиісінше келіссөздер жүргізіп, әріптестерімізге бағаны көтермеуге кеңес бердік. Мемлекет бұрынғыдай тікелей бағаны реттеп, белгілемейді, — деді Ерлан Ақкенженов.

Айта кетейік, таяуда Үкімет бензин мен тариф бағасына мораторий енгізіліп, ипотека көлемі ұлғайту шешімін жария еткен болатын.

Соңғы жаңалықтар