Бердібек Сапарбаев С.Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттеріне дәріс оқыды
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды аймақ басшысының баспасөз қызметі.
Әкім соңғы он жылдағы аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен болашақтағы дамуы туралы айтты. «Биыл еліміз үшін айрықша жыл. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңына қол қойғанына жиырма жыл толады. Осы жиырма жыл ішінде Қазақстанның жүріп өткен жолы үлкен. Шығыс Қазақстанда соңғы 10 жылдың өзінде аймақтық жалпы ішкі өнім 4,5 есеге артып, 1 270 млрд. теңгені құрады», - деді өз дәрісінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.
Аймақ басшысы әлеуметтік салалардың, коммуналды және қолжетімді тұрғын үй құрылысы салаларының сапалы түрде жақсарғанын, білім беру сапасының артып, жұмыссыздық деңгейінің төмендегеніне де тоқталды.
Дәріс соңында облыс әкімі аудитория сұрақтарына жауап берді.