Бердібек Сапарбаев жастар ұйымдарына қатысты сын айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Балалармен және жастармен жұмыс жасауға республикалық және жергілікті бюджет қаражатынан жыл сайын 7 млрд-қа жуық теңге алатын үкіметтік емес ұйымдардың қызметі айтарлықтай нәтиже бермейді, деген пікір білдірді бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен жастармен кездесуде. Бұл туралы primeminister.kz. сайтында жазылды.
None
None

«Үкіметтік емес ұйымдарға қатысты жыл сайын республикалық және жергілікті бюджет есебінен 7 млрд жуық теңге бөлінеді, бұл қаражат негізінен балалармен және жастармен жұмыс жасауға бағытталады», - деді Б.Сапарбаев.

Оған қоса, ол қабылданған шараларға қарамастан салынған қаражаттан қайтарым аз екенін атап өтті. «Елімізде жастар ұйымдары көп, алайда жастардың оған қатысуы төмен. БҚО-да және Маңғыстау облысында әлеуметтік сауалнама өтті. Осы екі облыста сауалнамаға қатысқан жастардың 70% қандай да бір жастарға арналған ұйымдардың бар екендігінен бейхабар», - деді вице-премьер.

Соңғы жаңалықтар