Берік Беркімбаев Мемлекеттік қызмет агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды
Берік Беркімбаев 1980 жылы ақпанда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын (2001); Болашақ бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Шеффилд Университетін (2015) бітірген.
2001-2004 жылдары-Алматы қаласы, Оңтүстік-Шығыс көлік аймағы бойынша ҚСжАО прокуроры, кадр жұмысы және ішкі қауіпсіздік жөніндегі аға прокуроры;
2004-2005 жылдары-ҚР Бас прокуратурасының ҚСжАЕК басқармасының аға прокуроры, Астана қаласы;
2005-2009 жылдары - ҚР Бас прокуратурасының Алматы облысы бойынша ҚСжАЕКБ бастығының орынбасары, Талдықорған қаласы;
2009-2010 жылдары - ҚР Бас прокуратурасының Алматы облысы бойынша ҚСжАЕКБ бастығы, Талдықорған қаласы;
2010 жылы-Алматы облысы прокурорының кадр жұмысы жөніндегі аға көмекшісі, Талдықорған қаласы;
2010-2011 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Әділет министрлігінің атқару өндірістерін қамтамасыз ету жөніндегі басшылық лауазымдарында жұмыс істеді;
2011-2014 жылдары-Ақмола облысы бойынша сот актілерін орындау департаментінің басшысы;
2015-2016 жылдары-Ақмола облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары;
2016-2017 жылдары - ҚР ӘМ мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары, Астана қаласы;
2017-2018 жылдары-Ақтөбе облысы Әділет департаментінің басшысы;
2018-2022 жылдары-Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры.
2022 жылғы 20 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Фото: gov.kz