Берік Асылов: Цифрландыру қоғамдық қауіпсіздікті күшейтеді
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қылмыстық-сот және әкімшілік-әкімшілік қауіпсіздік комитетін қайта құру жұмыстары басталды.

Бас прокурор Берік Асыловтың дерегінше, мұндағы негізгі мақсат — қоғамдық қауіпсіздік саласындағы қауіп-қатерлерді ерте анықтау және алдын алу. Осыған байланысты пилоттық режимде Қылмыстық қауіптер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы құрылды. Жобалық басқару тәсілі қолданылып, ұлттық сарапшылар тартылды.
«Құқық бұзушылыққа қарсы күресте біз ІТ шешімдерді қолданамыз. Мәселен, прокуратура органдарының „Цифрлық қадағалау“ автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің бірыңғай платформасында мемлекеттік органдар мен халыққа қызмет көрсету орталықтарының деректер базасы біріктірілген. 3 мың көше камерасы қосылған, дрондар қолданылады», — деді Бас прокурор.
Оның айтуынша, адамдарды іздестіруде цифрлық қадағалау өзінің тиімділігін көрсетті. Іздеудегі адамдардың саны азайған. Бұл жүйе пробациялық бақылауда да қолданыла бастады.
Айта кетейік, мемлекет еліміздегі цифрлық қауіпсіздіктің жалпы деңгейіне толық жауап беруге міндетті екені айтылды.