Берік Жамалбеков Жамбыл облысы бойынша мемкірістер департаментін басқарады
Берік Жамалбеков Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Берік Жапарұлы 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
Білімі бойынша – құқықтану магистрі.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, РФ Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірді.
Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі 24 жылды құрайды. 1998 жылғы желтоқсаннан бастап Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша салық басқармасында салық инспекторы, жетекші салық инспекторы, бас маман, бөлім бастығы болып жұмыс жасады.
2010 жылғы қыркүйектен Алматы қаласы бойынша салық департаменті мәжбүрлеп өндіру басқармасы және салық аудиті басқармасы бөлімінің бастығы, 2011 жылғы қыркүйектен Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша салық басқармасында бөлім бастығы, бөлім басшысы болып жұмыс жасады.
2013 жылғы тамыздан бастап Алматы қаласы бойынша салық департаменті ҚҚС әкімшілендіру бөлімінің басшысы, Акциздерді әкімшілендіру басқармасының басшысы болып жұмыс жасады.
2014 жылғы қарашадан Алматы қаласының Бостандық ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы акциздерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы, басшының орынбасары, Алатау және Алмалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларының басшысы болып жұмыс жасады.
2021 жылғы маусымнан бастап Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары лауазымын атқарған.