Берлинде 45 мыңға жуық үй жарықсыз қалды

АСТАНА. KAZINFORM – Германия астанасында электр энергиясы сөніп қалды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Блэкаут в Берлине: около 45 тысяч домов без электроэнергии
Фото: Kazinform

Stromnetz Berlin электрмен қамамасыз ету жүйесі операторының хабарлауынша, Берлиннің оңтүстік-батысында 45 400 үй мен 2200 кәсіпорын жарықсыз қалған.

Электрдың қуатының үзілуіне өрт себеп болған.

4 қаңтар күні таң ата электрмен жабдықтау ішінара қалпына келтірілген. Шамамен 7 мың үй мен 150 кәсіпорынға электр қуаты берілген. Соған қарамастан 35 мың шаруа қожалығы электр қуаты мен жылусыз қалған.

Әсіресе Николассе, Целендорф, Ванзее және Лихтерфельд аудандары қатты зардап шеккен.

Электр энергиясының сөндірілуі мен күннің суықтығына байланысты Штеглиц-Целендорф әкімшілігі мен гуманитарлық ұйымдар зардап шеккендерге уақытша тұру орындарын ұйымдастырып жатыр.

Полиция әлеуметтік желілерде электр қуатының сөндірілуі ұялы және стационарлық байланысқа әсер етуі мүмкін екенін айтты.

Оқиға болған жерлерде шұғыл қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр. Тұрғындар қандай да бір төтенше немесе онымен байланысты жағдай туындағанда полицияға хабарласа алады. Полиция сонымен қатар түнгі уақытта шолғыншылар санының артқанын мәлім етті. Қажетті аудандарға 300 полиция қызметкері жіберілген. Ал Берлиннің өрт сөндіру қызметі бірнеше шұғыл қызмет орталығын ұйымдастырды.

Осыған дейін Германияда бірер аптада үшінші банкке ұры түскені туралы хабарладық.

 

Соңғы жаңалықтар