Берлинде әлемдегі ең иісі жағымсыз гүл гүлдеді

АСТАНА. KAZINFORM — Дүниежүзіндегі ең иісі жағымсыз гүл бірнеше жылда бір-ақ рет гүлдеп, бұл процесс бірнеше күнге созылады, деп жазды DW.

Берлинде әлемдегі ең иісі жағымсыз гүл гүлдеді
Фото: DW

Титаникалық аморфофаллус гүлінен мүңкіген иіс шіріген жұмыртқа мен сасып кеткен балықтың иісін еске салса керек. Ол тек бірнеше жылда бір рет, шамамен 72 сағатқа гүлдейді. Қашан қайта гүлдейтінін болжау іс жүзінде мүмкін емес.

Берлинде әлемдегі ең иісі жағымсыз гүл гүлдеді
Фото: DW

Индонезияның Суматра аралынан шыққан, фалликалық пішіндегі тропикалық өсімдік әлемдегі ең ірі гүлшоғырына ие – биіктігі 3 метрге дейін жетеді.

Берлинде әлемдегі ең иісі жағымсыз гүл гүлдеді
Фото: DW

Гүлдің гүлдеуі 2 шілдеде аяқталады деп күтіледі. Бұл гүлді көруге әрі иісін иіскеп, сезінуге Берлин Ботаникалық бақшасына баруға болады.

Еске сала кетейік, наурыз айында Маңғыстау даласында сирек кездесетін cоғды қызғалдағы гүлдегенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар