Берлинде «Бүгінгі Қазақстан: қоғам, этностар, мәдениеттер» атты форум өтті

sp;АСТАНА.  Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат -   Берлинде    Германияның  Қорлар   үйінде    Қазақстан-Герман  қоғамы  мен  Қазақстанның Германиядағы  Елшілігінің     ұйымдастыруымен «Қазақстан бүгін:   қоғам,   ұлыстар,  мәдениеттер»   атты   форум  өтті. 
None
None

 «Қазақстанның   Германиядағы   жылының» аясында ұйымдастырылған   осынау        жиында     ҚР Президенті баспасөз қызметінің  Алматы  бюросының   жетекшісі Валерий Жандәулетов  неміс    аудиториясын  Қазақстанның    әлеуметтік-экономикалық   және   демографиялық    дамуымен  таныстырды.  Қазақтың әл-Фараби  атындағы  ұлттық  университетінің профессоры Ақтолқын  Күлсариева    университеттің    жұмысы,     Қазақстандағы   мәдени және  тіл саясатын     дамытудың  барысы  және  «Мәдени мұра»  бағдарламасы  туралы    әңгімелеп берді.

 Қазақстан  жастарының  діни   наным-сенімі   тақырыбы    бойынша жақында жүргізілген   зерттеудің   нәтижесі  туралы Қазақ   ұлттық университетінің   профессоры  Әлия  Массалимованың     баяндамасы     жиналған   қауымның ерекше   ықыласын  аударды.

Форум барысында  сондай-ақ белгілі қазақ жазушысы, көркемсөзші Герольд Бельгердің «Кезбенің үйі» кітабының неміс тіліндегі басылымы таныстырылды.   Әдебиеттанушы  және Қазақстанның  досы  Леонхард  Кошут,  «Кезбенің  үйі»   романында    1941   жылы Қазақстанға  қоныс аударылған   немістердің      тағдыры        шынайы  бейнеленгенін  атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар
Референдум