Берлинде екі трамвай соқтығысып, 30-ға жуық адам жапа шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германия астанасында екі трамвай соқтығысты, салдарынан 27 адам зардап шекті, деп хабарлайды БЕЛТА.

Берлинде екі трамвай соқтығысып, 30-ға жуық адам жапа шекті

Оқиға Берлиннің Пренцлауэр-Берг ауданында болды. Оқиға салдарынан трамвайлардың бірі рельстен шығып кеткен. Себебі әзірге анықталған жоқ.

Апат орнында жедел қызмет жұмыс жасап жатыр.