Берлинде қазақстандық делегация «Жасыл апта-2013» көрме-жәрмеңкесіне қатысты

Ағымдағы жылдың 18-20 қаңтар күндері ҚР делегациясы Германияның Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Федералдық министрлігінің статс-хатшысы Гердт Мюллермен, ГФР Бундестагының азық-түлік және ауыл шаруашылығы бойынша комитетінің төрағасы Ханс-Михаэль Гольдманмен, энергияның жаңартылатын көздері Федералдық одағының басшылығымен келіссөздер өткізіп, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласына маманданған неміс компанияларымен кездесті.
Делегацияның жұмыс сапарының күн тәртібіне сондай-ақ оның ауыл шаруашылығы министрлерінің «Шағын несиеден акционерлік капиталға дейін: Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның аграрлық секторындағы қаржыландыру көздеріне қолжетімділік» атты панельді пікірталасына және Ауыл шаруашылығы министрлерінің 5-ші Берлин саммитіне қатысуы кірді.
Аталмыш кездесулердің барысында Қазақстан мен Германия арасында ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастық бойынша кеңінен пікір алмасу өтіп, Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасында 2009 жылдың қаңтар айында қол қойылған аграрлық-саяси диалогты іске асырумен байланысты мәселелер талқыланды, сондай-ақ жаңа ілкі жобалар ме ынтымақтастық салаларын кеңейту мүмкіндіктері ортаға салынды.
Г.Мюллермен кездесу барысында неміс саясаткері Қазақстан мен Германияның ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіп кешені саласындағы табысты ынтымақтастығын, әсіресе Қазақстанда ашылған Неміс аграрлық орталығы базасында бірлескен жобаларды іске асыру тұрғысындағы қол жеткізген жетістіктерге тоқталды.
ҚР Парламенті Мәжілісінің аграрлық мәселелер бойынша комитетінің төрағасы Р.Мәдинов өз кезегінде Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясы» Жолдауының аясында жасалып, іске асырылатын елдің агроөнеркәсіп кешенін 2020 жылға дейін дамыту Бағдарламасы туралы айтып берді. Белгіленген жоспарларды іске асыруда германияның озық тәжірибесі септігін тигізе алады, осыған байланысты ол неміс тарапын ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіптік көлік құрастыру салаларында бұдан да белсенді ынтымақтастыққа шақырды.
Аграрлық саммиттің аясында 80-нен астам елдің өкілдері ауыл шаруашылығы, азық-түлік және өңдеу өнеркәсібі салаларындағы ынтымақтастықты дамытудың көкейкесті мәселелерін талқылап, халықаралық компаниялардың озық тәжірибесімен және заманауи жабдықтарды жеткізушілерімен етене танысты. Саммиттің қорытындылары бойынша делегация басшылары әлемдік ауыл шаруашылығ жәге аграрлық-өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастық бойынша диалогты кеңейтуге мүмкіндік беретін бірлескен коммюникеге қол қойды.