Берлинде Лабубу ойыншықтарын сататын дүкеннің ашылуына жүздеген адам жиналды
АСТАНА. KAZINFORM – Германия астанасы Берлинде Қытайдың Pop Mart компаниясы өндіретін танымал Лабубу ойыншықтарын сататын алғашқы дүкен ашылды. Бұл туралы DW хабарлады.

Дүкен ашылар алдында жүздеген адам кезекке тұрып, кейбірі тіпті өзімен бірге жиналмалы орындық әкеліп, сағаттап күткен.
Pop Mart компаниясының ойыншықтарына сұраныстың артуына себеп – олардың орамасының ішін көре алмау: сатып алушы қандай Лабубу нұсқасын алғанын тек қорапты ашқанда ғана біледі. Қазіргі таңда бұл жұмсақ ойыншықтардың 300-ден астам түрі бар.
Лабубу кейіпкерін гонконгтік суретші Касинг Лунг ойлап тапқан. Ол алғаш рет 2015 жылы скандинавиялық мифологиядан шабыт алған үш иллюстрациялық кітапта пайда болған. 2019 жылы автор Pop Mart компаниясымен серіктестік орнатып, ойыншық өндірісі жолға қойылды.
2024 жылы Pop Mart компаниясының кірісі 2023 жылмен салыстырғанда екі еседен аса өсіп, 1,55 млрд еуроны құрады. Соның ішінде Лабубу ойыншықтарынан түскен табыс 1200%-ке өсіп, жалпы түсімнің 22%-ын құрады.
Айта кетейік, бұған дейін де қытайлық ойыншық өндіруші Labubu-дың нарықтағы құны «Газпромнан» асып түскені хабарланды.
Labubu-Hype in Berlin: Am Freitag eröffnet im Alexa um 10 Uhr der erste Pop Mart-Store. Schon am Morgen stellen sich zahlreiche Menschen an, um eine der begehrten Plüschtier-Figuren zu ergattern. pic.twitter.com/Qe6fY1hP4t
— Berliner Zeitung (@berlinerzeitung) July 25, 2025