Берлинде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауын талқылауға арналған «дөңгелек үстел» өтті
Министрліктің таратқан ақпаратына сәйкес, пікірсайысқа қатысқан ГФР-дің сыртқы саяси және экономикалық ведомстволарының қызметкерлері, Орталық Азия бойынша жетекші неміс сарапшылары, журналистер мен кәсіпкерлер Жолдаудың негізгі қағидаларымен, атап айтқанда, Үкіметтің дағдарысқа қарсы қабылдаған шараларымен және экономиканы одан әрі дамыту жөніндегі жоспарларымен танысқан.
Германия экономикасы Шығыс комитетінің өңірлік директоры Мартин Хоффманн неміс кәсіпорыны дәл осы машина жасау саласында бай әрі алдыңғы қатарлы тәжірибеге ие екендігін айта келіп, Қазақстан өндірісін дамытуға және оның экономикасын әртараптандыруға ауқымды үлес қосуға мүмкіндігі бар екенін жеткізген. Оның пікірінше, қазіргі уақытта екі тарапқа да отандық және шетелдік кәсіпкерлермен бизнесті жүргізу үшін негіздемелік шартты жақсарта түсу жөнінде жұмыс істеуі қажет.
Ал ГФР СІМ Орталық Азия бөлімінің кеңесшісі ҚР мен ГФР-дің ерекше достық қарым-қатынасына назар аударып, екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың әлеуетін тереңірек пайдалану қажеттігін айтқан. Ол бұл орайда, қабылданған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасының дер кезінде жарияланғандығын және мақсаттылығын атап көрсеткен.
Сонымен қатар екі елдің қарым-қатынастарының жандана түсуіне 2009 жылы Германияда өткен Қазақстан жылы да әсер етіп отыр. Ағымдағы жылы эстафетаны Германия тарапы қабылдап, Қазақстандағы жылын өз бағдарламаларына сәйкес өткізуде.