Берлинде үш күндік үзілістен кейін электр жарығы қайта қосылды

АСТАНА. KAZINFORM — Бұл Берлиндегі соңғы 25 жылдағы ең ұзақ электр энергиясының өшірілуі болды,  ол шамамен 60 сағатқа созылды, салдарынан қаланың оңтүстік-шығысындағы 40 мыңнан астам үй шаруашылығын және 3000 кәсіпорын жарықсыз отырды, деп хабарлайды DW

Берлинде үш күндік үзілістен кейін электр жарығы қайта қосылды
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Соның салдарынан қоғамдық көлік қозғалысы тоқтап, бағдаршамдар жұмыс істемеді, кейбір аудандарда ұялы байланыс пен ыстық суға қатысты проблемалар туындады. Бірқатар мектеп сәрсенбі және бейсенбі күндері жабылып қалды.

Ақаудың себебі 9 қыркүйек күні электр желісіне әдейі өрт қойғаны анықталды. Оның жауапкершілігін анархистік топ өз мойнына алды. «Indymedia» атты солшыл радикалды сайтта жарияланған мәлімдемеде бұл шабуыл Адлерсхоф ауданында орналасқан технологиялық компаниялар мен зерттеу институттарына қарсы бағытталғаны айтылған.

Технологиялық паркте электр энергиясының өшуі зертханалардың жұмысына зиян тигізгенін мәлімдеді. Бұл зертханаларда азық-түлік қауіпсіздігін зерттеу, эпидемиядан қорғау және қоршаған ортаны бақылау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқан. Резидент-компаниялардың біразы шығынды аз да болса өтеу үшін демалыс күндері жұмыс істеуді жоспарлап отыр. 

Айта кетелік Берлинде 13 мың адам жарықсыз отырғаны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар