19:00, 19 Қаңтар 2015 | GMT +5
Берлиндегі Дүниежүзілік азық-түлік және ауыл шаруашылығы форумына Қазақстан делегациясы да қатысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаңтардың 15-17 күндері Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Сапархан Омаровтың басшылығымен ҚР делегациясы Берлин қаласына жұмыс сапарымен барып, «Жасыл апта» халықаралық жәрмеңкесі шеңберінде өтетін дәстүрлі Дүниежүзілік азық-түлік және ауыл шаурашылығы форумына қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Қазақстан атынан барған делегация құрамына министрліктердің және «ҚазАгро» ұлттық компаниясының басшылығы кірді. Германияның Федералдық азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрі Кристиан Шмидттің төрағалығымен өткен Форум аясында ұлттық азық-түліктің, тағам өндірісінің, ауыл шарушылығының, агроөнеркәсіптің даму секторларының және т.б. қауіпсіздігіне қатысты мәселелер талқыланды. Берлинде биылғы 80-ші «Жасыл апта» жәрмеңкесінде 70 елдің 1650 көрме экспонаттары ұсынылды (2013 ж. 67 елдің 1630 экспонаты ұсынылған болатын). Әлемнің барлық құрлықтарынан келген 70 ауыл шаруашылығы министрлері және шетелдік делегация санының едәуір өсуі есесінен биылғы жәрмеңке шетел қатысушыларының саны бойынша 1926 жылғы рекордтан асты.