Бермуд үшбұрышында ұшақ жоғалып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бортында төрт адам бар MU-2B ұшағы Флоридадан шығып Пуэрто-Рикоға бағыт алған жолда радар экранынан жоғалып кетті, деп хабарлайды Reuters АҚШ-тың жағалауды қорғау күзетіне сілтеме жасап.
Ұшақ Пуэрто-Рикодан таңертең жергілікті уақыт бойынша 11-де ұшып шыққан. Түскі екілер шамасында онымен байланыс үзілген. Бортта 10 және 4 жастағы екі баласы бар Нью-Йорктің тұрғындары болған.
Әуе судносының жоғалған сәтінде Бағам аралдарының бірі-Эльютердің үстінде, 7 мың метр биіктікте ұшып бара жатқан.
Атлант мұхиты аумағындағы Флорида, Бермуд аралдары және Пуэрто-Рико жұртқа «Бермуд үшбұрышы» атымен танымал.