Бес айда 1,2 миллионнан астам қазақстандық Өзбекстанға саяхаттап барған

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Биыл бес айда Өзбекстанға 5,3 миллионнан астам шетелдік турист саяхаттап келді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі.

у
Фото: Әлихан Асқар/Kazinform

Өзбекстан Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, 5 айда шетелдік туристердің саны 27,3%-ға өсті. Саяхатшылардың көбі Қырғызстан (1,5 млн адам), Қазақстан (1,2 млн адам) және Тәжікстаннан (1,2 млн адам) келген.

Сондай-ақ, Ресей (465 мың адам), Ауғанстан (198 мың адам) және Қытай (178 мың адам) азаматтарының үлесі басым.

Комитеттің мәліметінше, саяхатшылардың көбі Ташкент, Самарқанд, Бұхара және Хиуа қалаларының көрікті жерлерін аралаған.

в
Фото: Әлихан Асқар/Kazinform

Қоса кетсек, таяуда Өзбекстан Мемлекеттік кеден комитетінің Стратегиялық жоспарлау және кедендік рәсімдерді оңтайландыру басқармасының бастығы Фарход Олимжонов Kazinform агенттігіне сұхбат беріп, саяхатшылар қаперде ұстауы тиіс ережелерді айтқан еді.

Сондай-ақ, биыл наурызда Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан «Атамекен - Сырдария» кедендік бақылау бекеті жөндеуден кейін қайта ашылды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Centrum Air әуе компаниясының ұшақтары 13 маусымнан бері «Ташкент - Қостанай - Ташкент» бағыты бойынша рейс орындап жатыр.