16:59, 28 Сәуір 2026 | GMT +5
Қостанай мен Ташкент арасында тікелей әуе рейсі ашылады
ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Centrum Air әуе компаниясының ұшақтары 13 маусымнан «Ташкент - Қостанай - Ташкент» бағыты бойынша рейс орындай бастайды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі.
Компаниядан мәлім еткендей, рейс аптасына бір рет, яғни сенбі күндері орындалады. Жол ұзақтығы - 2 сағат 20 минут. Билет құны 38 мың теңгеден басталады.
Еске салайық, 29 наурыздан бастап Астана мен Ташкент арасында тағы бір тікелей әуе рейсі ашылды.
Ал 30 наурызда «Ташкент - Атырау - Ташкент» бағыты бойынша жаңа әуе рейсі іске қосылды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, биыл үш айда 680 мыңнан астам қазақстандық Өзбекстанға саяхаттап барған.